Кекілбаевтың Аңыздың ақыры романындағы баяндау.



«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған. Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған. Бөлім аттары «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры». Бұл роман Орта Азияға әмірін жүргізген әйгілі Ақсақ Темір өмірінің бір кезеңіне арналған. Яғни, жарты әлемді аузына қаратқан қаһарлы патшаның шын мәнісінде қарапайым пенделер тәрізді шешімі қиын сұрақтарға бас қатырып, мұңға бататындығын, бәйібше мен тоқал арасындағы күндестік пен әмір ұрпағының тақ құмарлығы және ыстық махаббатқа турасында. Кітапты оқу барысында Орта ғасырдағы Азия жеріне саяхат жасап қайтқандай әсер аласыз. Патша сарайындағы қорқыныш пен үрей, үнсіз қабылданған дәстүрлер. Жердегі жұмақ бейнесінде салынған, сұлулығына көз тоймайтын Самарқанд шаһары мен Әмір сарайы. Бірақ, қаншама байлық пен атағы, айналасын қоршаған хор қыздарындай сұлу күңдері бола тұра, сарайда жай тауып жата алмай үнемі жорықта жүретін, өзге қалалардың сұлулығы өз астанасынан асып кетпесін деп жаулап алған қалаларын жермен жексен етіп жүретін, көркіне жан тамсанған сарай соққан шеберлерді өзге жерде сарай салмасын деп көзін ойып алатын қатігез әмір бейнесі. Сарайдан шыққан әңгімені жерге түсірмей қағып алып, қураған шөпке тиген шырпыдай гу ете қалатын өсек. Жасы жетіп әмірге әйел ретінде емес тек балаларының анасы есебінде ғана сыйлы болып қалған Ұлы ханым бейнесі. Шұбар төс, шынжыр балақ хан тұқымынан туған бәйіпше, өзін-өзгелерден жоғара қоя отырып, байлық пен атақ жинаудан өзгені білмейді. Тіпті қызымен құрдас кіші ханымды күндеп, көзін жоймаққа бекініп, күндестік отын қозыдырады. Әмірдің арқа сүйеп, сөзін тыңдайтын палшы, пірлерінің аузын ала жүріп, тақ мирасқоры етіп өзінің баласын тағайындатады. Ал әмірдің жастық шағын бірге өткерген, қиын кезеңдерде жанынан табылып, өмірден ерте озып кеткен алғашқы әйелінен туған тұңғыш ұлын дұшпен елге басшы етіп жіберткізеді.

Романның негізгі желісі, әмір соғыста жүрген кезде елде қалған жас тоқалының жарына деген сағыныштан және бәйіпшеге деген өшпендігінен әмірге арнап мұнара тұрғызуы және сол мұнараның кесірінен туындағын күдік пен күмән төңірегінде өрбиді. Мұнара тұрғызушы он қолынан өнері тамған Жаппар деген жас шебер жігіт, аспандағы айға қол созып, құдай ұрғанда әмір әйеліне ғашық болып қалады. Сол сезімнің жетегінде жүріп, қараған жанның көзі тамсанатын ерекше зәулім ғимарат соғады. Бірақ, мұнара аяқталуға жақынаған кезде жұмысын тоқтатып, үлкен тәуекелге бел буып, сұлу ханыммен бір түн өткізбекке аңсары ауған екен. Ақ адал некені бұлай харамдауға жол бере алмаған ханым әуелде әдепсіз құлдың басын алмаққа бекінеді, бірақ, біткелі тұрған мұнара жұмысын тоқтатып, шеберді жазалау нәтижесінде ел арасында туындап кететін түрлі өсек-аяңнан қорқып шеберді жазаға тарта алмаған кіші ханым екі оттың ортасында қалып қояды. Дегенмен, бұл мәселеде шебердің көңілін тапқан бірақ ақ некені бұзбаған амал тауып шығады.

Бұл мәселенің соңы күдік пен күмаға ұласып кете барған. Әлемде талай сарайды еркін қиратып жүрген әмір өз астанасында тұрған мұнараға қол көтере алмай, аман сақтап та тұра алмай дал болады. Қаһарынан жан ошыған болса да халқ аузына қақпақ болып, өсек-аяң атаулыны қалай тоқтату мәнісін іздейді.

78 Баллада үлгілеріне мылас келтіріңіз

Баллада (билеймін, би әні) — өнер жанры;

1. әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;

2. музыкада: аталған шағын лирикалық өлеңге негізделіп жазылған би әні. Баллада жанр ретінде орта ғасырда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты.

Алғашында, роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтардың би әнін, кейінірек Батыс Еуропа халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі баллада 12 — 13 ғасырлардағы трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады. Германияда баллада алғашында хор әні түрінде қалыптасып, кейіннен антикалық миф пен аңыздарға негізделген лирикалық-эпикалық сюжетті өлең сипатындағы түрлері қалыптасты.

Қазақ әдебиетіне баллада жанрын Ерубаев әкелсе, оның дамып, қалыптасуына Қ. Жармағамбетов ерекше үлес қосты. С. Ерубаевтың “Ақын жыры”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, т.б. балладалары болса, Жармағамбетовтың балладалары “Адам туралы аңыз” (1951), “Мұғалима туралы баллада” (1957), “Балладалар” (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Сәрсенбаев, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, К. Мырзабеков, М. Шахановтың балладалары қазақ әдебиетінде оның жанр ретінде қалыптасып, орныға бастағанын көрсетеді. Осы ара бір балладаға тоқтала кетсек Саттар Ерубаевтың аз ғана болса да саз жырларын естеліктерді оқып отырып Меруерт атты қызға ғашық болғанын білеміз. Бұл қызбен жан досы Зейін Шашкинмен оның жұбайы Жәмилә таныстырған. Меруерт қыз өзге адамға тұрмысқа шығып кетсе де, оған деген сезімі суымайды, «Меруерт алқа» балладасында қазақ қызының сұлулығын, пәктігін, барлық әдемі теңеулермен жырлаған.

Аспандағы күміс айдай, жас ақынның жары бар,

Аспандағы күміс айдай, құралайдай жаны бар,

Құралайды күміс айды, тура қарап көріп өт.

Көздері бар күлімдеген, күлкісі бар меруерт.

Қас қарайып күн де батад, сәулелері таралып,

Қыз да шығад құралайша жібек шашын таранып – дейді қаламгер. Меңдеген аурудан құтылу мүмкіндігі болмай, күш-қуаты көктемгі қардай еріп, азайып құрып бара жатқан шақта Меруертті жиі еске алуы Ерубаевтың жүрегінің құпия соққан дүрсілін сездіргендей әсер етеді

79 З. Шашкиннің «Тоқаш Бокин» романының композициялық құрылымын талдаңыз

«Тоқаш Бокин» романы. Бұл романдағы Айгүл тағдыры – аумалы-төкпелі кезеңдегі ел тағдыры. Сүйгенінен тірідей айырылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған әйелдің аянышты халін жазушы сол кездегі барлық әйелдердің басынан өтіп жатқан тағдырмен ұштастырады. Айгүл таптық теңсіздіктің кесапат азабын ауыл-аймағымен арқалай, қырғын, жойқынға душар болып, туған жерден үдере көшіп Қытайға өтіп, онда да жанға сая, елге пана таппай сергелдеңге түскен. Патша, бай-манаптардың қуғын-сүргіні салдарынан балғын махаббатын да базарлай алмай жортуылмен күн кешкен. Көзі жасты, көкірегі шерлі, махаббаты мен бақыты жолында, күрескер қазақ қыздарының қарапайым өкілдерінің бірі. Романның сюжет арқауын қоюлату, сондай-ақ қалың оқушыға тартымдылық қуатын арттыру үшін автор махаббат линясын әлеуметтік, таптық тартыстар арнасымен шебер астастыра өреді. Бұл ретте Бикен образы оқшау көзге түседі. Бикен - өмір қысымы, тұрмыс таршылығы дейтінді көрмей-білмей, бұла өскен бай қызы. Бар жүріс-тұрысынан, киім киісінен молшылықтың, еркеліктің исі аңқиды. Ойнақы, әсем қылықты, кербез де өткір қыз. «Киіміне сымбаты мен көркі де сай, қаладағы әйгілі сұлулардың бірі. Өнерден де құр алақан емес. Пианиномен құйқылжыта күй шерткенде, қолы-қолына жұқпайды. Күміс көмей әнші десең де сияды. «Шіркін, Бикен менің құсым болар ма еді» деп аузынан суы құрып армандаушылар да, оның жүрегін аулап, махаббатын білдіруші бақталастар да аз емес. Ал, Бикен көңілі тек Тоқашта» [3,48]. Бикен сұлуға әйелі жуырда қайтыс болған туған жездесі Ыбырайым Жайнақовтың, оқыған чиновник Ғабдолла Какенов пен көршісі, белгілі бай саудагер татар жігіті Бурнашевтің Бикен төңірегінде көбелек болып өліп-өшіп жүргені де, үлкен жездесі Зәкірдің сілекейі шұбырып тамсана қытықтай ойнауы да нанымды, әсерлі. Бикен қылығы, әрекеті романның алғашқы беттерінен бастап-ақ көрініс береді де, шығарманың ұзына бойында көңілге қонымды арнамен өрбиді. Оның түрмеде жатқан Тоқашқа сәлем-сауқат әкеліп тұрғанына да, Тоқаш анасы Ақбалтырды ертіп оған баласымен жолығуға прокурордан рұқсат алып бергеніне де, Тоқаш абақтыдан босанған кезде дастарханын жайып, үйінде қонақ етуіне де, романның ақырғы беттерінде Тоқаш өлімін аза тұтып, күңірене күйзеліп, айықпас ауыр дертке шалдыққанына да қалтықсыз сенесіз. Бикен тұлғасы романның жылылығын молайтып қана қоймай, сонымен бірге тартыс желісін ширата түсіп, оқиғаларды бір-бірімен тұтастыра, шиеленістіре өрбітуге мүмкіндік берген. Бикен бірыңғай жалаң махаббаттың ғана құлы емес. Ол - өр мінезді өткір жан, ұнататыны сол өрлік, өткірлік. Оған керегі – байлық, даңқ, мәртебе-лауазым емес, жүрегінің оты бар жайсаң мінезді азамат. Тоқашты ол сол қасиеттері үшін сүйеді, оның жолында, ақ махаббаты жолында неден де болса тайынбауға бар. Бірақ Бикен күнәдан пәк, мінсіз жан емес. Айла-амалы да, керек болса, өз мақсаты, махаббаты жолында сайқал сұрқиялылығы да бар күрделі тұлға. Бикенді соншалық қаражүзді қастандық әрекетке араластырмай-ақ, нанымды, сүйкімді образ етіп шығаруға әбден болатын еді. Романда Айгүл образы Бикенге қарағанда жан-жақты ашылмаған. Шығарма басталғанда-ақ Айгүлмен таныс болатын оқырман автордан көп нәрсені күтетін тәрізді. Қиын өмірді тартқызып, ешқандай күрессіз, тек Тоқаштың сүйгені болып өмірден өте салады. Мүмін Айгүлдің бақытты өмір сүрудегі мақсаты орындалмаған соң да, оқиғаны шұбата беруді қажетсінбеген болуы мүмкін. Романдағы Глафира жаңаша тәрбие алған, Жетісуды тітіренткен атаман Малышевтің қызы. Верный гимназиясында өзімен бірге оқыған көңілдес досы Сақа арқылы ол заманның озық ойлы адамдарымен байланыс жасайды. Өмірге, әке қылығына, айналаға сергек көзбен қарай бастаған зерделі қыз. Әкенің өркеуде, озбыр, дөрекі мінездері, әсіресе, басқа ұлттың өкілдерін кемсіту, қорлау әрекеттері ұнамайды оған. Сақа сынды ұлты бөлек азаматты өзіне тең санап жар етуі – дәстүрді бұзған жаңалық еді. Глафира образы, Глафира мен Сақа достығы, махаббаты арқылы жазушы қазақ пен орыс халықтарының алдыңғы қатарлы ұлдары мен қыздарының ертеден қалыптаса бастаған, күрестерде шыңдалған достығын бейнелейді. Қорыта келгенде, жазушы қазақ әйелінің биік парасатты, мәдениетті, ақылды жан болғанын 171 № 3 (76) 2010 қалайды. Ұстамды да өжет, адал да берік, сезімтал да сергек мінез қазақ қыздарының бойына дарыса, жеңілтектік, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, долылық сияқты мінез тұрпайылылығынан аулақ болса екен дегісі келеді

80 Жанр және сюжет ерекшеліктерін сипаттаңыз

Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы), романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар (адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде).

Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады. Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

81 жанр және композиция ерекшеліктерін пайымдаңыз

Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы), романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар (адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде).

Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.

Композицияның көркемдік қуатылығы--әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.

Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.

 

82 Жанр және кейіпкер мәселесін баяндаңыз

Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы), романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар (адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде). Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!